ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Приказы  »  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Приказы

  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 4 маусымдағы N 270 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 17 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6295 болып енгізілді
Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және беру ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет процесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуiрдегi № 263 Заңын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5489 болып тiркелген) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
осы бұйрықпен бекiтiлген Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және беру ережесiнде:
19-тармақта:
2) тармақша алынып тасталсын;
4) тармақшада «тiркелген» деген сөз «қабылданған» деген сөзбен ауыстырылып, «.» тыныс белгiсi «;» тыныс белгiсiмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) ағымдағы қаржы жылы одан әрi пайдалану (түгел пайдалану) туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган шешiм қабылдамаған, өткен қаржы жылы пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) республикалық немесе облыстық бюджеттен бөлiнген нысаналы трансферттер сомаларын қайтару.»;
43-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда баяндалсын:
«1) есептi айдағы жергiлiктi бюджет көрсеткiштерiнiң атқарылуы туралы деректер – бюджет түсiмдерiн санаттары, сыныптары, қосымша сыныптары мен бюджет түсiмдерiн жiктеу ерекшелiгi бойынша және бюджет шығыстарын функционалдық топтары, функционалдық кiшi топтары, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi, бағдарламалар, кiшi бағдарламалар бойынша толық көлемде электрондық деректер базасы түрiнде және қағаз тасығышта есептiден кейiнгi айдың 2 күнiнен кешiктiрiлмей;»;
2) тармақшада «8» деген сан «10» деген санмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 43-1-тармақпен толықтырылсын:
«43-1. 1-27 нысан бойынша деректерге осы Ережедегi 19-қосымшаға сәйкес өзара өтелетiн операциялар жөнiндегi деректер қоса берiледi.
Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган жергiлiктi бюджет көрсеткiштерiнiң атқарылуы туралы ұсынылған деректермен бiрге оның билiгiндегi есеп көрсеткiштерiн салыстыруды жүргiзедi.
Бұл ретте, есептiден кейiнгi айдың 10 күнiнен кешiктiрмей ай сайын және есептi қаржылықтан кейiнгi жылдың 12 қаңтарынан кешiктiрмей осы Ережедегi 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептi деректердi салыстыру актiсi жасалады.
Осыдан кейiн алшақтық себептерiн анықтау және оларды келесi есептi кезеңде жою бойынша бiрлескен жұмыс жүргiзiледi.»;
46-тармақта:
1) тармақшада «есептi ай» деген сөздер «есептiден кейiнгi ай» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Есепте бюджет түсiмдерi мен шығыстары теңдестiрiлмеген, шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптарының арасында алшақтық болған жағдайда есептiден кейiнгi келетiн айдың соңына дейiн, олардың пайда болу себептерi көрсетiле отырып, бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган басшысының қойылған қолымен қағаз жүзiнде расталып, электронды түрде берiлетiн түсiнiктеме жазба толтырылады.
Бұл ретте бюджет шығыстары кiретiн жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы есептiң бөлiмдерiнде мына бағандар бойынша бюджет шығыстарын жiктеу ерекшелiктерi жөнiндегi деректер қамтылуы тиiс:
«Есептi қаржы жылына арналып түзетiлген бюджет»;
«Түсiмдердiң және төлемдер бойынша ағымдағы жылғы қаржыландырудың жиынтық жоспары»;
«Түсiмдердiң және мiндеттемелер бойынша ағымдағы жылғы қаржыландырудың жиынтық жоспары»;
«Қабылданған мiндеттемелер»;
«Бюджет түсiмдерiнiң атқарылуы және бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша төленген мiндеттемелер».
Көрсетiлген бағандарға байланысты есептiк деректер ерекшелiктер деңгейiне дейiн ведомстволардың аумақтық бөлiмшелерi 1-27 нысаны бойынша ұсынған деректерiне негiзделедi.
Қалған бағандар бойынша деректер кiшi бағдарламалар деңгейiне дейiн ұсынылады.»;
48-тармақтың 2) тармақшасындағы «10-нан кешiктiрмей» деген сөздер «1-не дейiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
49-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«49. Жергiлiктi бюджеттер бойынша бюджеттiк даму бағдарламаларының атқарылуы туралы айлық (жылдық) есептi заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және арттыруға инвестициялық жобалар және инвестициялар бойынша қорытынды деректердi көрсете отырып, осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар қалыптастырады.
Жергiлiктi (жиынтық) бюджеттер бойынша бюджеттiк даму бағдарламаларының атқарылуы туралы айлық (жылдық) есептi жергiлiктi бюджеттер жөнiндегi бюджеттiк даму бағдарламаларының дамуы туралы есептердiң негiзiнде мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуы туралы есептi қалыптастыру үшiн жауапты бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшесi қалыптастырады.
Республикалық бюджет бойынша бюджеттiк инвестициялық жобалардың атқарылуы туралы айлық (жылдық) есептi осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысына қоса берiлетiн объектiлер бойынша Бюджеттiк инвестициялық жобалар тiзбесiне сәйкес мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуы туралы есептi қалыптастыруға жауапты бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшесi қалыптастырады.»;
50-тармақтағы екiншi абзацта, 51, 56-тармақтарда «бюджеттiк жоспарлау және iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдарға» деген сөздер «мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға және iшкi бақылау жөнiндегi Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
76-тармақта «бюджеттiк жоспарлау және iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдарға» деген сөздер «iшкi бақылау жөнiндегi Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
86-тармақта:
«, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдар және» деген сөздер алынып тасталсын;
«бөлiмшесiне» деген сөз «бөлiмшелерiне» деген сөзбен ауыстырылсын;
88-тармақта:
«мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдар және» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
«бөлiмшесiне» деген сөз «бөлiмшелер» деген сөзбен ауыстырылсын;
91-тармақта «5» деген сан «4» деген санмен ауыстырылсын;
92-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«92. өзге қаражаттар есебiнен пайда болған дебиторлық берешек жөнiндегi ДЗ-П есебi былай толтырылады:
5 және 6-бағандар бағдарламалық қамтым айқындаған кодтармен толтырылады;
7-бағанда ағымдағы қаржы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өткен жылдардың дебиторлық берешегi көрсетiледi. 7-бағанда көрсетiлетiн дебиторлық берешек сомасы бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органға бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыру жоспарының атқарылуы туралы жылдық есеп берген сәттен бастап ағымдағы қаржылық жыл бойы өзгертiлмеуi тиiс;
8-бағанда Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамасына сәйкес ағымдағы қаржы жылы тиiстi бюджеттiң кiрiсiне аударылған өткен жылдардың дебиторлық берешегi көрсетiледi;
9-бағанда өзге негiздемелер бойынша өтелген (ағымдағы жылы алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер), сот шешiмi бойынша шығынға жазылған және т.б.) өткен жылдардың дебиторлық берешегi көрсетiледi;
10-бағанда бiр бөлiгi ағымдағы қаржы жылы өтелгеннен кейiн өткен жылдардың дебиторлық берешегiнiң қалдығы көрсетiледi;
11-бағанда ағымдағы қаржы жылы пайда болған дебиторлық берешек көрсетiледi;
12-бағанда есептi күнге қалыптасқан жалпы дебиторлық берешек көрсетiледi (10 және 11-бағандардың сомасы);
13-бағанда бюджеттiк заңнамасындағы белгiленген тәртiпке сәйкес ведомстволардың аумақтық бөлiмшелерiнде тiркелген өнiм берушiлермен және мердiгерлермен жасалған шарттардың талаптарына сәйкес бюджет қаражаты есебiнен тауарлар мен жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) сатып алу үшiн төленген аванстық төлемдердiң (алдын ала төлем) сомасы көрсетiледi;
14-бағанда талап арызының мерзiмi өткен дебиторлық берешек сомасы көрсетiледi. Аталмыш берешек есепке мемлекеттiк мекеменiң балансындағы активтерге, материалдық қорларға, ақшаға, есептеулерге және басқа да баптарына түгендеу жүргiзiлгеннен кейiн және түгендеу актiсi жасалғаннан кейiн енгiзiледi.»;
99-тармақта «және мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган» деген сөздер «бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдардың тиiстi құрылымдық бөлiмшелерi» деген сөздермен ауыстырылсын;
101-тармақта «мемлекеттiк жоспарлау және iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдарға және» деген сөздер «бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдардың тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiне және Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
осы Ереженiң 2-қосымшасының атауында:
«және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе арттыруға» деген сөздер «, концессиялық жобаларды қоса қаржыландыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе арттыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
осы Ереженiң 4-қосымшасындағы «оның iшiнде сыртқы займдар есебiнен» деген жол алып тасталсын;
осы Ереженiң 8-қосымшасында:
«III. Операциялық сальдо» жолы алынып тасталсын;
«Бюджеттiк қаражаттар қалдығының қозғалысы» жолы мынадай мазмұндағы жолмен ауыстырылсын:
«Бюджеттiк қаражаттардың пайдаланылатын қалдықтары»;
«Анықтамалық:» жолынан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Бюджеттiк қаражаттардың қалдығы»;
«IV, V, VI, VII» деген сандар тиiсiнше «III, IV, V, VI» деген сандармен ауыстырылсын;
аталған Ереженiң 18-қосымшасы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес 19-қосымшамен толықтырылсын.
2. Бюджеттiк үдерiс әдiстемелiгi департаментi (А.Н. Қалиева) заңнамада белгiленген тәртiпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және кейiн оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Министр Б. Жәмiшев

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң 2010 жылғы
4 маусымдағы № 270 бұйрығына
1-қосымша

Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi
органдардың бюджеттiк есептiлiктi
жасау және беру Ережесiне
18-қосымша

Нысан

Есептi деректердi
салыстыру Актiсi
__________ жылға

Республикасы (облыс, қала, аудан)_________________
Мерзiмдiлiк айлық, жылдық
Өлшем бiрлiк: мың.теңге

Атауы

Бюджеттi орындау бойынша уәкiлеттi органның деректерi бойынша

Мемлекеттiк бюджеттi қамтамасыз етудi iске асыратын, аумақтық органдардың деректерi бойынша

Алшақтық (+,-)

1

2

3

4

5

1

Бекiтiлген бюджет

1.1

Кiрiс

1.2

Шығын

1.3

Бюджеттiк кредит

1.4

Бюджеттiк кредиттердi өтеу

1.5

Қаржы активтерiн сатып алу

1.6

Қаржы активтерiн сатудан түскен түсiм

1.7

Займдардың түсiмi

1.8

Займдарды өтеу

2

Нақтыланған бюджет

2.1

Кiрiс

2.2

Шығын

2.3

Бюджеттiк кредит

2.4

Бюджеттiк кредиттердi өтеу

2.5

Қаржы активтерiн сатып алу

2.6

Қаржы активтерiн сатудан түскен түсiм

2.7

Займдардың түсiмi

2.8

Займдарды өтеу

3

Түзетiлген бюджет

3.1

Кiрiс

3.2

Шығын

3.3

Бюджеттiк кредит

3.4

Бюджеттiк кредиттердi өтеу

3.5

Қаржы активтерiн сатып алу

3.6

Қаржы активтерiн сатудан түскен түсiм

3.7

Займдардың түсiмi

3.8

Займдарды өтеу

4

Есептi кезеңдегi төлемдер бойынша қаржыландыру түсiмдердiң жиынтық жоспары

4.1

Кiрiс

4.2

Шығын

4.3

Бюджеттiк кредит

4.4

Бюджеттiк кредиттердi өтеу

4.5

Қаржы активтерiн сатып алу

4.6

Қаржы активтерiн сатудан түскен түсiм

4.7

Займдардың түсiмi

4.8

Займдарды өтеу

5

Есептi кезеңдегi мiндеттемелер бойынша жиынтық жоспары

5.1

Шығын

5.2

Бюджеттiк кредит

5.3

Қаржы активтерiн сатып алу

5.4

Займдардың түсiмi

6

Бюджеттiк түсiмдердiң және /немесе төленген мiндеттемелердiң орындалуы

6.1

Кiрiс

6.2

Шығын

6.3

Бюджеттiк кредит

6.4

Бюджеттiк кредиттердi өтеу

6.5

Қаржы активтерiн сатып алу

6.6

Қаржы активтерiн сатудан түскен түсiм

6.7

Займдардың түсiмi

6.8

Займдарды өтеу

7

Қаржылық жыл басындағы бюджеттiк қаражаттар

8

Қаржылық жыл соңына бюджеттiк қаражаттар

9

ҚР ҰБ салымдарын (депозиттер) ақша орналастыру үшiн бюджеттiң атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдарға берiлген, уақытша бос бюджет қаражаты

Бюджеттiң орындалуы бойынша жергiлiктi
уәкiлеттi органның басшысы
М.О. ______ __________________
(қолы) (қолын ашып жазу)

Бюджеттiң орындалуы туралы есептiң
қалыптастыруына жауапты,
ведомства аймақтық бөлiмше басшысы
М.О. ________ _________________
(қолы) (қолын ашып жазу)

Мемлекеттiк бюджеттiң орындалуын
iске асыратын ведомства,
аймақтық бөлiмшесiнiң басшысы
М.О. ________ _________________
(қолы) (қолын ашып жазу)

Мемлекеттiк бюджеттiң орындалуын
iске асыратын, аймақтық ведомстваның
тиiстi құрылымдық сәйкес
бөлiмшесiнiң басшысы
М.О. ________ ________________
(қолы) (қолын ашып жазу)

Ескерту: алшақтық болған жағдайда салыстыру актiсiне алшақтықтың пайда болуы туралы кеңейтiлген түсiндiрме жазба қолданылады

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң 2010 жылғы
4 маусымдағы № 270 бұйрығына
2-қосымша

Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi
органдардың бюджеттiк есептiлiктi
жасау және беру Ережесiне
19-қосымша

Нысан

Өзара өтелетiн төлемдер операциясы бойынша деректер
_________________________________
(жергiлiктi бюджеттiң атауы)
____________жылға

1-27 нысанына Қосымша
Есеп жасалынды: уақыты
ХN парағына дейiн

Республика (область, қала, аудан) ______________________
Мерзiмдiлiгi айлық, жылдық _____________________________
Өлшем бiрлiгi: мың. теңге

Бюджеттiк жiктеу жүйесi

Атауы

Есептi қаржы жылына бекiтiлген бюджет

Есептi қаржы жылына нақтыланған бюджет

Есептi қаржы жылына түзету енгiзiлген бюджет

Түсiмдер мен төлемдердi қаржыландыру жөнiндегi жиынтық жоспары, есептi жылға мiндеттемелердi қаржыландыру жөнiндегi жиынтық жоспары

Қабылданған мiндеттемелер

Төленбеген мiндеттемелер

Бюджет түсiмдерiнiң орындалуы/немесе бюджеттiк бағдарламалар бойынша төленген мiндеттемелер (сол бағдарлама бағытындағы)

Есептi жылға түсiмдер мен төлемдердi қаржыландыру жөнiндегi жиынтық жоспарына бюджет түсiмдерiнiң орындалуы/ немесе бюджеттiк бағдарламалар бойынша төленген мiндеттемелер (сол бағдарлама бағытындағы)

Орындалатын (бекiтiлген, нақтыланған, түзету енгiзiлген) бюджетке, бюджет түсiмдерiнiң орындалуы/немесе бюджеттiк бағдарламалар бойынша төленген мiндеттемелер (сол бағдарлама бағытындағы), %

Төлемдер бойынша

Мiндеттемелер бойынша

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

I. Табыстар

II. Шығындар

III. Таза бюджеттiк несиелер

х

х

Бюджеттiк несиелер

Бюджеттiк несиелердi өтеу

IY. Қаржы активтерiнiң операциялары бойынша қалдық

х

х

Қаржы активтерiн сатып алу

Мемлекеттiк қаржы активтерiн сатудан түскен түсiмдер

Мемлекеттiк бюджеттiң орындалуын жүзеге асырушы, ведомстваның
аймақтық бөлiмшесiнiң басшысы _________ _____________________
(қолы) (қолын ашып жазу)

М.О.

Жиынтық жоспарды әзiрлеуге және құрастыруға жауапты,
құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы _________ ____________________
(қолы) (қолын ашып жазу)

Деректердi құрастыруға жауапты,
құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы _________ _____________________
(қолы) (қолын ашып жазу)


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina