Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 352 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6364 болып енгізілді
Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығын төлеуге бақылау жүргізу ережелерін бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 276-18-бабы4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН. 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Көрме-жәрмеңкелiк сауда бойынша қосылған құн салығын төлеуге бақылау жүргiзу ережелерi бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркелуiн және оны кейiннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн. 3. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2010 жылғы 1 шiлдеден бастап туындайтын қатынастарға қолданылады. Министр Б. Жәмiшев
|