Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 29 шілдедегі № 385 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 16 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6398 болып енгізілді
Қосылған құн салығының артуын қайтару мақсатында Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес БЎЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырылған Қосылған құн салығының артуын қайтару мақсатында Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) мыналарды: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Јділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.