ГЛАВНАЯ »  Страхование  »  Страховое законодательство  »  Қазақстан Республикасының Заңы 1999...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Страховое законодательство

  Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 13 шілде N 414-I
Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.12.19. N 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Осы заң 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда осы Заңда белгіленген стажы бар азаматтарды әлеуметтік қорғауға бағытталған.
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.12.19. N 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

МАЗМЎНЫ

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) мемлекеттік арнайы жәрдемақы (бұдан әрі - жәрдемақы) - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда осы Заңда белгіленген жұмыс стажы бар адамдарға ақшалай берілетін төлем;

1-1) уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi - Орталық) - Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Заңның шарттарымен жәрдемақыларды төлеудi жүзеге асыруға уәкiлеттiк берген заңды тұлға;

1-2) жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган - орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшелерi;
2) алып тасталды
Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.04. N 148 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.12.19. N 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Жәрдемақы төлеуге арналған қаражат

Осы Заңға сәйкес жәрдемақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

2-тарау. Жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі

3-бап. Азаматтардың жәрдемақыға құқығы

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңда көзделген тәртіппен жәрдемақы алуға құқығы бар.

2. Жәрдемақы ай сайын төленеді.

3. Жәрдемақы алатын жалақысына қарамастан төленеді.

4-бап. Жәрдемақыларға құқығы бар азаматтар

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің N 1 тізімі бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс стажы бар азаматтардың:
еркектер - 53 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 20 жыл болып, оның кемінде 10 жылын аталған жұмыстарда істегенде;
әйелдер - 48 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 15 жыл болып, оның кемінде 7 жыл 6 айын аталған жұмыстарда істегенде, жәрдемақы тағайындалуға құқығы бар.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің N 2 тізімі бойынша еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс стажы бар азаматтардың:
еркектер - 58 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 25 жыл болып, оның кемінде 12 жыл 6 айын аталған жұмыстарда істегенде;
әйелдер - 53 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 20 жыл болып, оның кемінде 10 жылын аталған жұмыстарда істегенде, жәрдемақы тағайындалуға құқығы бар.

3. Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің N 2 тізімі бойынша еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда осы Заңға сәйкес талап етілетін жұмыс стажы жеткіліксіз болған жағдайда Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің N 1 тізімі бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы жұмыс стажы есепке алынады.

4. Жәрдемақыға құқық зейнеткерлікке 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жеңілдікті жағдайларда шыққан азаматтарға қолданылмайды.
Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.12.19. N 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5-бап. Жәрдемақы тағайындауға өтініш жасау

1. Жәрдемақы тағайындауға өтініш жасау жәрдемақыға құқығы пайда болғаннан кейін кез келген уақытта қандай болса да мерзімі шектелмей жүзеге асырылады.
Бұл орайда жәрдемақы тағайындауға өтініш жасалған уақытқа дейін жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғастырылып жатқанына қарамастан жәрдемақы тағайындалады.

2. Жәрдемақы тағайындау туралы арызды оны алуға құқығы бар адам тұрғылықты жерi бойынша Орталыққа береді.V075081

3. Жәрдемақы тағайындауға арналған құжаттарды қарауды жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын құжаттар табыс етiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.

4. Жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган тиiстi шешiм шығарылғаннан кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей арыз берушiге ол туралы жазбаша түрде хабарлайды.
Жәрдемақы тағайындаудан бас тартқан жағдайда жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган бас тарту себептерiн жазбаша түрде негiздеуге және арыз берушiге құжаттарды қайтаруға мiндеттi.

5. Жәрдемақы, барлық қажетті құжаттар қоса тіркеліп, арыз берілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен тағайындалады.
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.04. N 148 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

6-бап. Жәрдемақы мөлшері

1. Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің N 1 тізімі бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс стажы бар азаматтарға жәрдемақы тоғыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.

1-1. Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің N 2 тізімі бойынша еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс стажы бар азаматтарға жәрдемақы сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.

2. Жәрдемақы алушыға зейнеткерлік жасқа жеткен кезде осы заңға сәйкес жәрдемақы алу немесе зейнетақы заңдарына сәйкес Орталықтан зейнетақы төлеуді тағайындау арасында таңдау жасауға құқық беріледі.
Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.12.15. N 101, 2007.12.19. N 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-бап. Жәрдемақы төлеу

Жәрдемақы төлеудi Орталық ағымдағы ай үшiн жүргізеді. Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда жәрдемақы қайтыс болған айына қоса төленедi.

Мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелеріне не жерлеуді жүзеге асырған адамға он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы төленеді.

Жәрдемақы төлеу Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.05.31. N 326, 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.04. N 148 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

3-тарау. Қорытынды ереже

8-бап. Осы заңды күшіне енгізу тәртібі

Осы Заң 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Президенті



Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina