Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 6 қарашадағы N 158-ө Өкімі
"Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы 1. Қоса берiлiп отырған "Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлесiн және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзсiн. 3. Мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлердi "Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңына сәйкес келтiрсiн. 4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi осы өкiмдi орындауды бақылауды жүзеге асырсын және Қазақстан Республикасының Үкiметiн қабылданған шаралар туралы хабардар етсiн. Премьер-Министр К. Мәсiмов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2009 жылғы 6 қарашадағы N 158-ө өкiмiмен бекiтiлген "Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесi Р/с N | Нормативтiк құқықтық актiнiң атауы | Акт нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттiк орган | Орындау мерзiмi | 1. | Тауар биржалары саласындағы қызметтi лицензиялау ережесiн және тауар биржаларының, брокерлер мен дилерлердiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы | Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы | ИСМ | 2009 жылғы қараша | 2. | Биржа саудасының үлгi ережесiн бекiту туралы | Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы | ИСМ | 2009 жылғы қараша | 3. | Биржалық тауарлардың тiзбесiн және тауар биржалары арқылы өткiзiлетiн, ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерiн бекiту туралы | Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы | ИСМ | 2009 жылғы қараша | 4. | Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы | Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы | ИСМ | 2009 жылғы қараша | Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы: ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
|