ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Проекты  »  Жоба Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Проекты

  Жоба Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫЅ ЗАЅЫ

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫЅ ЗАЅЫ

Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Мәскеуде 2008 жылғы 12 желтоқсанда қол қойылған Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттама ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының
Президенті

Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолдану шарттары мен тәртібі туралы
ХАТТАМА

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі,
2008 жылғы 25 қаңтардағы Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы келісімнің 4-бабының 6-тармағын іске асыру мақсатында,
халықаралық сауданың жалпыға бірдей танылған нормалары мен ережелерін басшылыққа ала отырып,
мына төмендегілер туралы келісті:

1-бап

Осы Хаттамадағы "Бірыңғай кедендік тариф", "кедендік әкелу бажының ставкасы" және "Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы" ұғымдары 2008 жылғы 25 қаңтардағы Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы келісімнің 2-бабында айқындалған мәндерде пайдаланылады.

2-бап

Бірыңғай кедендік тарифті қолданысқа енгізген және оны жүргізу жөніндегі өкілеттіктер Кеден одағының комиссиясына (бұдан әрі - Комиссия) берілген күнінен бастап Бірыңғай кедендік тарифтің ставкасымен салыстырғанда кедендік әкелу бажының неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставкасын (бұдан әрі - неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставка) Тараптардың біреуі осы Хаттамаға сәйкес қабылданатын Комиссияның шешімі негізінде айрықша жағдайларда үшінші елдерден шығарылатын тауарға қатысты қолдануы мүмкін.
Тараптардың біреуінің неғұрлым жоғары ставканы қолдануын, егер мұндай шара осы Тарап мемлекеті экономикасының саласын дамыту үшін қажетті шарт болып табылса, осы Тарап ұсынуы мүмкін.
Тараптардың біреуінің неғұрлым темен ставканы қолдануын, егер мұндай шара халықтың әлеуметтік маңызды қажеттіліктерін немесе айтарлықтай дәрежеде үшінші елдерден дәстүрлі импортқа тәуелді өндірісті дамыту қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті шарт болып табылса және осы немесе осыған ұқсас тауарды кеден одағында өндіру есебінен жүзеге асырылуы мүмкін болмаса, тауардың өткір тапшылығы жағдайында осы Тарап ұсынуы мүмкін.

3-бап

1. Комиссияның Тараптардың біреуінің неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставканы қолдануы туралы мәселені қарауы үшін бұл Тарап Комиссияға оны қолдану қажеттігінің негіздемесін қоса бере отырып, неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставканы қолдану туралы ұсыныс береді.
2. Неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставканы қолдану туралы ұсыныс мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
а) тауарға арналған Бірыңғай кедендік тариф ставкасының мөлшері;
б) ұсынысты енгізетін Тарап мемлекетінде де, тұтастай кеден одағында да өндіріс көлемі туралы және тауарға қажеттілік туралы мәліметтер (заттай және құндық мәнде);
в) ұсынысты енгізетін Тарап мемлекетінің де, тұтастай кеден одағының да тауарды импорттау көлемі туралы мәліметтер;
г) неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставканы қолданудың болжамды мерзімі;
д) неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставканы қолдану мақсатына қол жеткізу үшін басқа Тараптар қабылдауы тиіс шаралар.
3. Неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставканы қолдану қажеттігінің негіздемесі статистикалық деректерді, қаржы-экономикалық есептерді және неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставканы қолданудың орындылығын және оны қолдану мақсатына өзге құралдармен қол жеткізудің мүмкін еместігін растайтын басқа ақпаратты, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің нарықтары үшін оны қолданудың салдарын бағалауды және үшінші елдердің ықтимал іс-әрекетін бағалауды қамтуы тиіс.
4. Комиссия басқа Тараптарға Тараптардың біреуінің неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставканы қолдануы туралы ұсынысын жібереді.
5. Комиссия Тараптардың біреуінің неғұрлым жоғары немесе неғұрлым темен ставканы қолдануы мәселесін Комиссияның неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставканы қолдану туралы ұсынысын алған күнінен бастап 30 күн ішінде қарайды.

4-бап

1. Комиссия Тараптардың біреуінің неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставканы қолдануы туралы шешімді мынадай шарттар болған кезде қабылдайды:
а) неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставканы қолданудың негізділігі;
б) басқа Тараптардың Бірыңғай кедендік тариф ставкасының тиісті өзгеруіне келіспеуі.
2. Комиссия Тараптардың біреуінің неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставканы қолдануы туралы шешімді ымыралы негізде қабылдайды.
3. Комиссияның Тараптардың біреуінің неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставканы қолдануы туралы шешімі мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
а) тауардың атауы;
б) тауардың Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша коды;
в) Тараптың неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставканы қолдану мерзімі;
г) неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставканың мөлшері;
д) неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставканы қолдану мақсатына қол жеткізу үшін басқа Тараптар қабылдауы тиіс шаралар.
4. Комиссия шешімімен белгіленген Тараптардың біреуінің неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставканы қолдану мерзімі алты айдан аспайды.
5. Неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставканы қолдану мерзімін келесі алты айға ұзарту туралы мәселені мүдделі Тарап осы мерзім аяқталғанға дейін бір айдан кешіктірмей енгізуі мүмкін.

5-бап

1. Комиссия әкелу кезінде Тараптар неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставкаларды қолданатын тауарлардың тізбесін жүргізеді.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тізбеге мынадай ақпарат енгізіледі:
а) тауардың атауы;
б) тауардың Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша коды;
в) неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставканы қолданатын Тарап;
г) неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставканың мөлшері;
д) неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставканы қолдану мерзімі;
е) Бірыңғай кедендік тариф ставкасының мөлшері.

6-бап

Осы Хаттама күшіне енген күнінен бастап бес жыл ішінде қолданылады және ұзартуға жатпайды.

7-бап

Осы Хаттаманы түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар мүдделі Тараптардың консультациялары мен келіссөздері жолымен шешіледі, ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда дау мүдделі Тараптардың кез келгенінің бастамасы бойынша Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарауға беріледі.

8-бап

Тараптардың уағдаластығы бойынша осы Хаттамаға жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

9-бап

Осы Хаттаманың күшіне ену, оған қосылу және одан шығу тәртібі 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы хаттамамен айқындалады.
2008 жылғы 12 желтоқсанда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы Комиссия депозитарийінің функциялары берілгенге дейін Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитеті болып табылатын депозитарийде сақталады.
Депозитарий әрбір Тарапқа осы Хаттаманың куәландырылған көшірмесін жібереді.

Беларусь Қазақстан Ресей
Республикасының Республикасының Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін Үкіметі үшін

2008 жылғы 12 желтоқсанда Мәскеу қаласында қол қойылған Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттаманың мемлекеттік тілдегі аудармасы екендігін растаймын.

Индустрия және сауда
вице-министрі Ж. Айтжанова

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina