ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Инструкции  »  Сақтандыру (қайта сақтандыру)...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Инструкции

Страницы 1 2 3

  Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы N 131 қаулысымен бекітілген


Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2008 жылғы 22 тамыздағы
N 131 қаулысының
қосымшасы

Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 87 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4216 тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 87 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 212 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4447 тіркелген, 2006 жылғы 13 желтоқсанда "Заң газеті" газетінде N 215 (1195) санында жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 87 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы N 37 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4588 тіркелген).
4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 87 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 132 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4713 тіркелген).
5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 87 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы N 182 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4845 тіркелген).
6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 87 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 қарашадағы N 252 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5065 тіркелген).

Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2008 жылғы 22 тамыздағы
N 131 қаулысымен бекітілген

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулық

Осы Нұсқаулық "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 43, 46, 74-баптарына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 5, 9-баптарына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, оның ішінде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәнін және әдістемесін, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы туралы есепті беру нысандары мен мерзімдерін белгілейді.
Осы Нұсқаулықта көзделген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғалары бөлігіндегі нормалар "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының көрсетілген ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам пайызына тура иелік етуі (банктер бойынша – жанама) нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен аффилиирленген болып табылатын заңды тұлғаларға және олардың аффилиирленген тұлғаларына қатысты қолданылмайды.
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2008.12.29 N 250 Қаулысымен.

1-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының барынша төмен мөлшері

1. Жаңадан құрылып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының барынша төмен мөлшері мыналарды құрайды:
"жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензия алған кезде - 430 (төрт жүз отыз) миллион теңге;
"өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензия алған кезде - 670 (алты жүз жетпіс) миллион теңге;
"жалпы сақтандыру" саласы бойынша және қайта сақтандыру бойынша лицензия алған кезде - 450 (төрт жүз елу) миллион теңге;
"өмірді сақтандыру" саласы бойынша және қайта сақтандыру бойынша лицензия алған кезде - 690 (алты жүз тоқсан) миллион теңге;
қайта сақтандыруды айрықша қызмет түрі ретінде жүзеге асыру арқылы қайта сақтандыру бойынша лицензия алған кезде - 530 (бес жүз отыз) миллион теңге.
2. "Ипотекалық сақтандыру" сыныбының "жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензия алатын жаңадан құрылған сақтандыру ұйымының жарғылық капиталының барынша төмен мөлшері 800 (сегіз жүз) миллион теңге болады.
3. Осы тараудың талаптары уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымына жүрмейді.

2-тарау. "Жалпы сақтандыру" саласы және қайта сақтандыру ұйымдары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері

4. "Жалпы сақтандыру" саласы және қайта сақтандыру ұйымдары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері осы Нұсқаулықтың 5 және 6-тармақтарына сәйкес әдістермен есептелген шектердің бірінің барынша жоғары мәніне тең шекті білдіреді.
5. Төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерін "сыйлықақы әдісін" пайдалана отырып есептеу тәртібі мынадай:
1) есеп осының алдындағы қаржы жылы үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған жиынтық сақтандыру сыйлықақыларының сомаларын немесе есеп үшін барынша жоғары шегі алынған осының алдындағы қаржы жылы үшін еңбек сіңірілген жиынтық сақтандыру сыйлықақыларын негізге алып жүзеге асырылады;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру сыныбы бойынша қабылданған жиынтық сақтандыру сыйлықақыларының сомасы 50 пайызға өсірілуі тиіс;
3) осының алдындағы қаржы жылы үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған жиынтық сақтандыру сыйлықақыларының (еңбек сіңірілген жиынтық сыйлықақыларының) сомасы сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы төлемінің шығыстар сомасына, сондай-ақ негізгі қызметтің корпоративті табыс салығының сомасына кемиді;
4) осы тармақтың 1)-3) тармақшаларына сәйкес 1 500 000 000 теңгеден аспайтын мөлшерде (уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін 150 000 000 теңгеден аспайтын мөлшерде) есептелген сақтандыру сыйлықақыларының сомасы 18 %-ға көбейтіледі, қалған артық сомасы 16 %-ға көбейтіледі. Алынған нәтиже осы тармақтың 5) тармақшасына сәйкес есептелген түзету коэффициентіне жинақталады және түзетіледі;
5) түзету коэффициенті осының алдындағы үш қаржы жылында есептелген сақтандыру төлемдеріндегі қайта сақтандырушының үлесін шегергендегі сақтандыру төлемдерінің жиынтық сомасының осының алдындағы үш қаржы жылы үшін есептелген сақтандыру төлемдерінің жиынтық сомасына қатынасы ретінде есептеледі. Осы қатынас 0,5-тен төмен болуы тиіс емес. Егер түзету коэффициентін есептеу нәтижесінде алынған шек 0,5-тен кем болса, онда есептеу үшін 0,5 алынады.
Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осының алдындағы үш қаржы жылы үшін сақтандыру төлемдерін жүзеге асырмаған болса, ұйымның төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерін есептеу кезінде түзету коэффициенті қолданылмайды.
6. Төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерін "төлем жасау әдісін" пайдалана отырып есептеу тәртібі мынадай:
1) осының алдындағы үш қаржы жылында есептелген сақтандыру төлемдерінің жиынтық сомасы есеп айырысу үшін пайдаланылады;
заңның 6-бабының 3-тармағының 13), 14) тармақшаларында көрсетілген, тек қана сақтандыру тәуекелдерімен айналысатын сақтандыру ұйымы осының алдындағы жеті қаржы жылындағы сақтандыру төлемдерінің жиынтық сомасын есеп айырысу үшін пайдаланады;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру сыныбы бойынша жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерінің жиынтық сомасы 50 пайызға өсірілуі тиіс;
3) сақтандыру төлемдерінің жиынтық сомасы осының алдындағы қаржы жылының соңында жарияланған, бірақ реттелмеген шығындардың резерв сомасына өседі және мыналарға кемиді:
есепті қаржы жылының алдындағы үш жыл үшін қаржы жылының соңында жарияланған, бірақ реттелмеген шығындардың резерв сомасына;
осы тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген ұйымдар үшін - есепті қаржы жылының алдындағы жеті жыл үшін қаржы жылының соңында жарияланған, бірақ реттелмеген шығындардың резерв сомасына;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерінің есебі үшін мыналар пайдаланылады:
осы тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацына сәйкес алынған соманың үштен бір бөлігі;
осы тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген сақтандыру ұйымдары үшін - осы тармақтың 3) тармақшасының үшінші абзацына сәйкес алынған соманың жетіден бір бөлігі;
5) осы тармақтың 1)-4) тармақшаларына сәйкес есептелген 1 000 000 000 теңгеден аспайтын мөлшердегі (уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін 100 000 000 теңгеден аспайтын мөлшердегі) сақтандыру төлемдерінің сомасы 26 %-ға көбейтіледі, қалған артық сома 23 %-ға көбейтіледі. Алынған нәтиже осы Нұсқаулықтың 5-тармағының 5) тармақшасына сәйкес есептелген түзету коэффициенті бойынша жинақталады және түзетіледі.
Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген мерзім ішінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асырмаған жағдайда, төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерінің есебі "төлем жасау әдісін" пайдаланбай жүзеге асырылады.
7. "Ипотекалық сақтандыру" сыныбындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері есепті кезең соңындағы сақтандыру сомасындағы қайта сақтандырушының үлесін шегере отырып, "ипотекалық сақтандыру" сыныбындағы есепті кезең соңында қолданыста болған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сомасының бес пайызына өседі.
Заңның 3 және 26-баптарына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушылары болып табылатын тұлғалармен, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қомақты қатысы бар болып табылатын не Заңның 32-бабына сәйкес еншілес ұйымы болып табылатын тұлғалармен уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымынан басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған "ипотекалық сақтандыру" сыныбындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері қайта сақтандырушының есепті кезең соңындағы сақтандыру сомасындағы үлесін шегере отырып, "ипотекалық сақтандыру" сыныбындағы есепті кезең соңында қолданыста болған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сомасының он пайызына өседі.
8. Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есепті кезеңдегі төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері осының алдындағы қаржы жылындағыдан кем болған жағдайда, есепті кезең ішіндегі төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері осы Нұсқаулықтың 9-тармағына сәйкес есептелген резерв коэффициенті бойынша түзетілген өткен жылдың осы кезеңіндегі төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшеріне тең болады.
Егер резерв коэффициенті бойынша түзетілген өткен жылдың осыған ұқсас кезеңіндегі төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері есепті кезеңдегі төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерінен төмен болған жағдайда, есеп айырысу үшін есепті кезеңдегі төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері пайдаланылады.
9. Резерв коэффициенті қайта сақтандырушының осының алдындағы қаржы жылының соңындағы үлесін шегергендегі жарияланған, бірақ реттелмеген шығындар резерві сомасының осының алдындағы қаржы жылының басындағы қайта сақтандырушының үлесін шегергендегі жарияланған, бірақ реттелмеген шығындар резервінің сомасына қатынасы ретінде есептеледі. Осы қатынас 1-ден артық болуы мүмкін емес. Егер есептеу нәтижесінде алынған резерв коэффициентінің шегі 1-ден асса, онда есептеу үшін 1 алынады.

3-тарау. "Өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері

10. "Өмірді сақтандыру" саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерінің есебі мынадай сыныптар бойынша жеке-жеке жүзеге асырылады:
1) өмірді сақтандыру, аннуитеттік сақтандыру және өмірдегі белгілі бір оқиғалардың пайда болуына байланысты сақтандыру;
2) сақтанушының сақтандырушының инвестициялық кірісіне қатыса отырып өмірді сақтандыруы;
3) жазатайым жағдайлардан сақтандыру және ауырған жағдайдан сақтандыру.
Төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерінің есебі үшін осы Нұсқаулықтың 11, 15 және 17-тармақтарына сәйкес алынған сомалар қабылданады.
11. Сақтандыру ұйымының осы Нұсқаулықтың 10-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген сақтандыру сыныптары бойынша төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерінің есебі осы Нұсқаулықтың 12 және 14-тармақтарына сәйкес есептелген мәндерінің сомасына тең шекті білдіреді.
12. Тәуекелге душар болған капитал теріс мәнге ие болмайтын, қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандыру шарттары бойынша төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері мынадай шектердегі сомаға тең:
1) қайтыс болған жағдайда өмірді (3 жыл мерзіміне дейін) сақтандыру шарттары бойынша - тәуекелге душар болған капитал сомасының 0,1 %-ы осы Нұсқаулықтың 13-тармағының екінші абзацына сәйкес есептелген түзету коэффициентіне көбейтіледі;
2) қайтыс болған жағдайда өмірді (3 жылдан 5 жыл мерзіміне дейін) сақтандыру шарттары бойынша - тәуекелге душар болған капитал сомасының 0,15 %-ы осы Нұсқаулықтың 13-тармағының екінші абзацына сәйкес есептелген түзету коэффициентіне көбейтіледі;
3) қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандырудың басқа шарттары бойынша - тәуекелге душар болған капитал сомасының 0,3 %-ы осы Нұсқаулықтың 13-тармағының екінші абзацына сәйкес есептелген түзету коэффициентіне көбейтіледі.
13. Тәуекелге душар болған капитал өзінің қатысуымен құрылған сақтандыру резервтерінің сомасына кемітілген осының алдындағы қаржы жылының соңындағы қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандырудың қолданыстағы шарттары бойынша жиынтық сақтандыру сомасын білдіреді.
Түзету коэффициенті қайта сақтандырушының қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандыру шарттары бойынша үлесін шегергендегі тәуекелге душар болған капиталдың тәуекелге душар болған капиталға қатынасы ретінде есептеледі. Осы қатынас 0,5-тен кем болуы мүмкін емес. Егер түзету коэффициентін есептеу нәтижесінде алынған шек 0,5-тен кем болса, онда есептеу үшін 0,5 алынады.
14. Осы Нұсқаулықтың 10-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген сыныптар бойынша қалған сақтандыру шарттарының төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері сақтандыру резервтерінің қалыптасқан сомасының 4 %-ына және осы тармақтың екінші абзацына сәйкес есептелген түзету коэффициентіне тең.
Түзету коэффициенті осының алдындағы қаржы жылының соңындағы сақтандыру резервіндегі қайта сақтандырушының үлесін шегергендегі сақтандыру резервтерінің қалыптасқан сомасының осының алдындағы қаржы жылының соңындағы сақтандыру резервтерінің қалыптасқан жалпы сомасына қатынасы ретінде есептеледі. Осы қатынас 0,85-тен кем болуы мүмкін емес. Егер түзету коэффициентін есеп айырысу нәтижесінде алынған шек 0,85-тен кем болса, онда есептеу үшін 0,85 алынады.
15. Сақтанушының сақтандырушының инвестициялық кірісіне қатыса отырып өмірді сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерінің мынадай шектердегі сомаға тең мәнді білдіреді:
1) осы Нұсқаулықтың 16-тармағына сәйкес инвестициялық тәуекелді алатын сақтандыру ұйымының шарттары бойынша есептелген түзету коэффициенті бойынша түзетіліп қалыптастырылған, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Инвестициялық қызмет нәтижесінде сақтандыру ұйымы алған кірістерге сақтандырылушының (пайда алушының) қатысу ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4399 тіркелген) 2006 жылғы 12 тамыздағы N 155 қаулысына сәйкес (бұдан әрі - N 155 қаулы) есептелген ішкі резерв қоры сомасының 4 %-ына тең;
2) осы Нұсқаулықтың 16-тармағына сәйкес әкімшілік шығыстарды жабу үшін бөлінетін қаражат сомасы белгіленген және сақтандыру ұйымы инвестициялық тәуекел алмайтын шарттар бойынша есептелген түзету коэффициенті бойынша түзетіліп қалыптастырылған, N 155 қаулыға сәйкес есептелген ішкі резерв қоры сомасының 1 %-ына тең;
3) сақтандыру ұйымы инвестициялық тәуекел алмайтын және әкімшілік шығыстарды жабу үшін бөлінген қаржы сомасы белгіленбеген шарттар бойынша осының алдындағы қаржы жылындағы әкімшілік шығыстар сомасының 25 %-ына тең.
16. Түзету коэффициенті осының алдындағы қаржы жылының соңындағы ішкі резервтік қордан қайта сақтандырушының үлесін шегере отырып, N 155 қаулыға сәйкес есептелген ішкі резервтік қор сомасының осының алдындағы қаржы жылының соңындағы ішкі резервтік қордың жалпы сомасына қатынасы ретінде есептеледі. Осы қатынас 0,85-тен кем болуы мүмкін емес. Егер түзету коэффициентін есептеу нәтижесінде алынған шек 0,85-тен кем болса, онда есептеу үшін 0,85 алынады.
17. Жазатайым жағдайлардан сақтандыру және ауырған жағдайдан сақтандыру сыныптары бойынша төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері осы Нұсқаулықтың 4-6-тармақтарына сәйкес есептеледі.

4-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының нақты есебі

18. Нақты төлем қабілеттілігі маржасы мынадай сома ретінде есептеледі:
артықшылықты акциялар алынып тасталып төленген жарғылық капитал;
төленуі тиіс дивидендтерді алып тастағандағы осының алдындағы жылдардың бөлінбеген кірісі (оның ішінде өткен жылдардың таза кірісі есебінен қалыптасқан қорлар, резервтер);
мыналарды алып тастағандағы:
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының негізгі қызмет мақсаты үшін сатып алынған бағдарламалық қамтамасыз етуді қоспағандағы материалдық емес активтерді. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының негізгі қызмет мақсаты үшін сатып алынған бағдарламалық қамтамасыз ету жинақталған амортизацияны ескергендегі өзіндік құнның және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерінің 10 %-нан аспайтын көлемде алынады;
осының алдындағы жылдардың жабылмаған шығындарын;
есепті кезеңнің жабылмаған шығындарын;
басқа заңды тұлғалардың капиталындағы инвестициялар;
Заңның 32-бабына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымы болып табылатын тұлғаларға не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысы бар тұлғаларына берілген реттелген заем.
19. Уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымына арналған нақты төлем қабілеттілігі маржасы мынадай сома ретінде есептеледі:
құрылтайшылар жарнасы;
ерікті ақшадай және өзге жарналар;
осының алдындағы жылдардың бөлінбеген кірісі (оның ішінде өткен жылдардың таза кірісі есебінен қалыптасқан қорлар, резервтер);
мыналарды шегеріп:
сақтандыру ұйымының негізгі қызмет мақсаты үшін сатып алынған бағдарламалық қамтамасыз етуден басқа материалдық емес активтер. Сақтандыру ұйымының негізгі қызмет мақсаты үшін сатып алынған бағдарламалық қамтамасыз ету жинақталған амортизацияны және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының 10 %-нан аспайтын активтерін ескергендегі оның өзіндік құны мөлшерінде қабылданады;
осының алдындағы жылдардың жабылмаған шығынын;
есепті кезеңнің жабылмаған шығынын.
20. Нақты төлем қабілеттілігі маржасы нақты төлем қабілеттілігі маржасының 50 %-ынан немесе төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерінен (қандай көрсеткіштің аздығына байланысты) аспайтын сомадағы артықшылықты акциялардың және реттелген борыштың сомасына өсуі мүмкін. Артықшылықты акциялар және белгіленген өтеу мерзімі бар реттелген борыш сомасы бойынша артықшылықты акциялар мен реттелген борыштың жалпы сомасының 50 %-ынан аспауы тиіс.
21. Уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін нақты төлем қабілеттілігі маржасы нақты төлем қабілеттілігі маржасының 25%-ынан аспайтын немесе төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерінен (қандай көрсеткіштің төмен екендігіне қатысты) аспайтын реттелген борыш сомасына өсуі мүмкін. Белгіленген өтеу мерзімі бар реттелген борыш сомасы реттелген борыштың жалпы сомасының 25%-ынан асуы мүмкін емес.
22. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының реттелген борышы - бұл сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қамтамасыз етілмеген міндеттемесі.
Реттелген борыш мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы нақты толық төлеп алған ақша сомасы ғана ескеріледі;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы таратылу кезінде Заңның 72-бабында белгіленген кезектілікке сәйкес қанағаттандырылады;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұсынысы бойынша өтеуі (толық немесе ішінара) оның ішінде мерзімінен бұрын өтеуі, тек, егер мұндай өтеу қорытындысына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы Нұсқаулықта белгіленген пруденциалдық нормативтерді сақтамау салдарларына алып келмеу талаптары қанағаттандырылған жағдайда ғана мүмкін;
4) белгіленген өтеу мерзімі бар реттелген борышты өтеу мерзімі бес жылдан кем болмайды. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өтеу күніне бір жыл қалғанда уәкілетті органға өтеу сәтіндегі нақты төлем қабілеттілігі маржасын қамтамасыз ету жоспарын береді. Бұл талап ету егер реттелген борыш нақты төлем қабілеттілігі маржасының есебіне мынадай тәртіппен енгізілген жағдайларда таратылмайды:
борышты өтеу мерзімі басталғанға дейінгі бес жылдан асатын мерзім ішінде - борыштың толық сомасын, борышты өтеу мерзімі басталғанға дейінгі бес жыл ішінде:
1-ші жыл - реттелген борыш сомасының 100 пайызын;
2-ші жыл - реттелген борыш сомасының 80 пайызын;
3-ші жыл - реттелген борыш сомасының 60 пайызын;
4-ші жыл - реттелген борыш сомасының 40 пайызын;
5-ші жыл - реттелген борыш сомасының 20 пайызын;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы белгіленген өтеу мерзімі жоқ реттелген борышты өтеу кезінде болжалданып отырған өтеу мерзіміне дейінгі бес жылдан кем емес мерзімде уәкілетті органға нақты төлем қабілеттілігі маржасын қамтамасыз ету жоспарын береді. Осы талап сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы реттелген борышты белгіленген нақты төлем қабілеттілігі маржасының есебіне енгізбеген, сондай-ақ мерзімінен бұрын өтеу жағдайына таратылмайды. Бұл жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осындай өтеуге дейін және кейін нақты төлем қабілеттілігі маржасын қамтамасыз ету жоспарын алдын-ала бере отырып, болжалданып отырған өтеу күніне дейінгі алты ай бұрын уәкілетті органның реттелген борышты мерзімінен бұрын өтеуге арналған қорытындысын алады;
6) реттелген борыш сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын таратуды қоспағандағы уәкілетті органмен келісілген күннен басқа күні өтеуге жатқызылуы мүмкін емес;
7) реттелген борыш талаптарын өзгерту уәкілетті органмен келісілген жағдайда ғана жүзеге асырылады.
23. Облигациялар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының реттелген борышы болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган бекіткен облигациялар шығарылымын орналастыру қорытындысы туралы есептің негізінде ғана нақты төлем қабілеттілігі маржасының есебіне енгізіледі.
Осы Нұсқаулықтың 20, 22-тармақтарында көрсетілген талаптардан басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының реттелген борышы болып табылатын облигациялар сондай-ақ мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
облигациялардың меншік иесінің ұсынысы бойынша немесе уәкілетті органның алдын-ала келісімінсіз өтеу талап етілуі мүмкін емес;
эмиссиялар проспектісі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына борыш жөніндегі сыйақы төлемін жасауды кейінге қалдыруға құқық беруі тиіс;
бағалы қағаздар эмиссиялары проспектісі шығын болған жағдайда негізгі борышты және төленбеген сыйақыны түзетуді көздеуі және бұл жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз қызметін жалғастыру мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
Осы тармақтың талаптары уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымына жүрмейді.
24. Нақты төлем қабілеттілігі маржасы осы Нұсқаулықтың 32-тармағына сәйкес қайта сақтандырушының үлесін қоспағанда, сақтандыру резервтері мен міндеттемелерін алып тастағандағы олардың сапасы мен өтімділігін жіктеуді ескеріп есептелген сақтандыру резервтерінің сомасына кемітілген активтермен қамтамасыз етілуі тиіс.
Егер нақты төлем қабілеттілігі маржасы осы тармақтың бірінші абзацына сәйкес есептелген активтер сомасымен қамтамасыз етілмеген жағдайда нақты төлем қабілеттілігі маржасы сақтандыру резервтерін қоспай, сақтандыру резервтері мен міндеттемелерін алып тастағандағы олардың сапасы мен өтімділігін жіктеуді ескеріп есептелген активтер арасындағы айырманы құрайды.

5-тарау. Кепілдік беру қорының барынша төмен мөлшері

25. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған кепілдік беру қорының барынша төмен мөлшері мынадай шектерден төмен болмауы тиіс:
"жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін - 350 (үш жүз елу) миллион теңге;
"өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін - 500 (бес жүз) миллион теңге;
заңның 6-бабының 3-тармағының 9)-15) тармақшаларында көрсетілген ерікті сақтандыру нысанындағы сыныптар бойынша және міндетті сақтандыру нысанының кез-келген түрі бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін - 450 (төрт жүз елу) миллион теңге;
қайта сақтандыруды айрықша қызмет түрі ретінде жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымдары үшін - 450 (төрт жүз елу) миллион теңге.
26. Уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына арналған кепілдік беру қорының барынша төмен мөлшері мынадай шектерден кем болмауы тиіс:
"жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін - 35 (отыз бес) миллион теңге;
"өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін - 50 (елу) миллион теңге;
заңның 6-бабының 3-тармағының 9)-15) тармақтарында және міндетті сақтандыру нысанының кез-келген түрі бойынша көрсетілген сақтандырудың ерікті нысаны сыныптары бойынша лицензиялары бар сақтандыру ұйымдары үшін - 45 (қырық бес) миллион теңге.
27. "Ипотекалық сақтандыру" сыныбының "жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар кепілдік беру қорының мөлшері 900 (тоғыз жүз) миллион теңгеден кем болмауы тиіс.
28. Уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына арналған "ипотекалық сақтандыру" сыныбы бойынша "жалпы сақтандыру" кепілдік беру қорының мөлшері 90 (тоқсан) миллион теңгеден кем болмауы тиіс.

6-тарау. Төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі және кепілдік беру қорының нормативі

29. Егер төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері барынша төмен кепілдік беру қорынан төмен болса, онда төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері барынша төмен кепілдік беру қорына тең шекті құрайды.
30. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының немесе кепілдік беру қорының барынша төмен мөлшері осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес қайта сақтандырушының қаржылық сенімділік рейтингіне байланысты қайта сақтандырудың қолданыстағы шарттары бойынша қайта сақтандыруға берілетін (берілген) сақтандыру сыйақылары сомасына өсіріледі. Оларды есептегенде осы Нұсқаулықтың 35-тармағында көрсетілген рейтингтік агенттіктердің халықаралық шәкілі бойынша бар болған рейтингтік бағалардың барынша төмен рейтингі қолданылады.
Сақтандыру тәуекелдері Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы Қазақстан Республикасының резидент емес қайта сақтандыру ұйымдарына қайта сақтандыруға былай берілуі мүмкін:
1) тіркелген елдің уәкілетті органының тиісті лицензиясы (тіркелген) бар болса;
2) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5371 тіркелген, "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесін бекіту туралы" Агенттік Басқармасының 2008 жылғы 2 қазандағы N 145 қаулысымен бекітілген оффшорлық аймақтардың тізіміне енгізілмеген, Сақтандыруды Қадағалау Органдарының Халықаралық Қауымдастығының (IAIS) мүшесі болып табылатын елде (аумақта) тіркелген;
3) әр талап бойынша 176 000 айлық есептік көрсеткіштен кем емес сақтандыру сомасына және жыл ішіндегі барлық талаптар бойынша 263 000 айлық есептік көрсеткіш бойынша өз азаматтық-құқықтық жауапкершілігі үшін сақтандыру шарты бар.
Ескерту. 30-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.04.29 N 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
31. Нақты төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерімен мынадай формула бойынша есептеледі:
НТҚМ
ТҚМЖН = ----------------- >= 1,
ТҚМБТМ

онда:
ТҚМЖН - төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі;
НТҚМ - нақты төлем қабілеттілігі маржасы;
ТҚМБТМ - төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының нақты төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі бірден кем болмауы тиіс.
32. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтер құнының есебіне, сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуін ескергенде, мыналар кіреді:
1) ақша:
кассадағы ақша - баланстық құнның жүз пайызы көлемінде;
осы Нұсқаулықтың 36-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі жолдағы ақша - баланстық құнның жүз пайызы көлемінде;
осы Нұсқаулықтың 36-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ағымдағы шоттардағы және Қазақстан Республикасының Ўлттық Банкіндегі ақша - баланстық құнның жүз пайызы көлемінде;
осы Нұсқаулықтың 36-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі картшоттардағы ақша - баланстық құнның жүз пайызы көлемінде;
2) осы Нұсқаулықтың 36-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналасқан және Қазақстан Республикасының Ўлттық Банкіндегі салымдар - осы Нұсқаулықтың 4, 6-қосымшаларында көрсетілген көлемде;
3) осы Нұсқаулықтың 36-тармағының 4)-10) тармақшаларында көрсетілген қаржы құралдары - осы Нұсқаулықтың 4, 6-қосымшаларында көрсетілген көлемде;
4) "Сақтандыру төлемдерiне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының акциялары – күмәнді борыштар бойынша резервті шегергендегі баланстық құнның (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергендегі) жүз пайызы көлемінде;
5) материалдық емес активтер:
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының негізгі қызмет мақсаты үшін сатып алынған бағдарламалық қамтамасыз ету - жинақталған амортизацияны ескергендегі өзіндік құнның және қайта сақтандыру активтерін шегере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерінің он пайызынан аспайтын көлемде;
6) қайта сақтандырушылардан алынатын сомалар, күмәнді борыштар бойынша резервті шегере отырып, сақтанушылардан (қайта сақтандырушылардан) және делдалдардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары:
шарт талаптары бойынша мерзімі өтіп кеткен берешек - алынатын ағымдағы сома мөлшерінің жүз пайызы көлемінде;
шарт талаптары бойынша мерзімі 90 күнге дейін өтіп кеткен берешек - алынатын ағымдағы сома мөлшерінің елу пайызы көлемінде;
7) "өмірді сақтандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының сақтанушыларына беретін заемдары - негізгі борыш сомасының жүз пайызы көлемінде;
8) уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының сақтанушыларға сақтандыру сыйлықақысын төлеуге арналған заемдары - негізгі борыш сомасының жүз пайызы көлемінде;
9) қайта сақтандыру активтерін шегере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтер сомасының бес пайызынан аспайтын сомадағы жылжымайтын мүлік түріндегі негізгі құрал-жабдықтар және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін инвестициялық жылжымайтын мүлік - жинақталған амортизацияны ескере отырып, баланстық құнның жүз пайызы көлемінде.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сапа және өтімділік жіктелімін ескергендегі активтер құнының есебіне ірі қатысушылардың, еншілес ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушы болып табылатын немесе қомақты үлесі бар ұйымдардың, сондай-ақ өзге де аффилиирленген ұйымдардың дебиторлық берешегі енгізілмейді.
33. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы күн сайын қайта сақтандырушының үлесін алып тастағандағы сақтандыру резервтерінің сомасына жоғары өтімді активтер құнының қатынасы ретінде есептелетін жоғары өтімді активтер жеткіліктілігі нормативін мынадай формула бойынша сақтайды:
ЖӨАҚ
ЖӨАЖН = --------------- >= 1,
СРС

мұнда:
ЖӨАЖН - жоғары өтімді активтер жеткіліктілігі нормативі;
ЖӨАҚ - осы Нұсқаулықтың 36-тармағында көрсетілген жоғары өтімді активтердің күнтізбелік күн соңындағы құны;
СРС - сақтандыру ұйымының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1921 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ўлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтері есебі әдістемесінің талаптары туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 211 қаулысына сәйкес есептелген қайта сақтандырушының соңғы есепті айдың соңындағы үлесін алып тастағандағы сақтандыру резервтерінің сомасы. Сақтандыру резервтері сомасы уәкілетті органға ай сайынғы қаржылық есеп беруді ұсынған күнге дейін пайдаланылады.
Жоғары өтімді активтер жеткіліктілігі нормативі бірден кем болмауы тиіс.
Осы Нұсқаулықтың 24-тармағына сәйкес активтерді сапасы мен өтімділігі бойынша жіктеуді ескеріп, жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі нормативі мен төлем қабілеттілігінің нақты маржасын есептегенде, сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтандырушының үлесінің сомасына "Standard & Poor"s" агенттігінің "В-"-тен төмен халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе осы рейтингтік агенттіктердің рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарымен жасалған қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтандырушының үлесі кіргізілмейді.
Ескерту. 33-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.04.29 N 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
34. Жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі нормативінің есеп айырысу мәніне қатыссыз жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі нормативі егер уәкілетті орган мынадай фактілерді анықтаған жағдайда орындалмаған болып есептеледі:
заңды күшіне енген белгіленген сот шешімі бойынша сақтандыру төлемдерін Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы және/немесе сақтандыру (шарт) ережесімен белгіленген мерзімде не сот шешімінде көрсетілген мерзімде уақтылы жүзеге асырмау;
сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудан негізсіз бас тарту және/немесе сақтандыру төлемінің мөлшерін негізсіз кеміту туралы заңды күшіне енген сот шешімі.
35. Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін уәкілетті орган "Standard & Poor"s" агенттігінің рейтингтік бағаларынан өзге "Moody"s Investors Service" және "Fitch" агенттіктерінің және олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының (бұдан әрі – басқа рейтинг агенттіктері) рейтингтік бағаларын да мойындайды.
36. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз активтерінің бөлігін мынадай жоғары өтімді активтерге орналастыруды жүзеге асырады:
1) қайта сақтандыру активтерін шегере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтер сомасының бір пайызынан аспайтын сомадағы кассадағы ақшасы;
2) Қазақстан Республикасының Ўлттық Банкіндегі салымдары;
3) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдары мынадай шарттардың біреуін сақтаған жағдайда:
"Standard & Poor"s" агенттігінің "ВВ-"-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе "Standard & Poor"s" ұлттық шәкілі бойынша "kzBB"-дан төмен емес рейтингтік бағасы бар болғанда;
резидент емес сабақтас банктері "Standard & Poor"s" агенттігінің "А-"-дан төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент еншілес банктер болып табылғанда;
қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміндегі "акциялар" секторының бірінші санатына жай акциялары енгізілген эмитент банктер болып табылғанда;
4) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ўлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес айналысқа шығарылғандары), сондай-ақ мемлекеттің кепілдігімен шығарылған бағалы қағаздары;
5) Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздары;
5-1) "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздары;
6) қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес бағалы қағаздары:
"Standard & Poor"s" агенттігінің "ВВ-"-дан төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе "Standard & Poor"s" ұлттық шәкілі бойынша "kzBB"-дан төмен емес рейтингтік бағасы бар эмитенттердің акциялары және осы акциялар базалық активтері болып табылатын депозитарлық қолхаттары;
"акциялар" секторының бірінші және екінші санаттарына енгізілген эмитенттердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған акциялары және осы акциялар базалық активтері болып табылатын депозитарлық қолхаттары;
Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес шығарылған, "Standard & Poor"s" агенттігінің "В-"-дан төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе "Standard & Poor"s" ұлттық шәкілі бойынша "kzB"-дан төмен емес рейтингтік бағасы бар "рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздары" санатына жатқызылған борыштық бағалы қағаздары;
қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес шығарылған және "рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздары" санатына жатқызылған борыштық бағалы қағаздары;
7) "Standard & Poor"s" агенттігінің "ВВВ-"-дан төмен емес тәуелсіз рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебеге ие бағалы қағаздары;
8) шетелдік ұйымдар шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздары:
"ВВВ-"-дан төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы ("Standard & Poor"s" агенттігі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі) бар борыштық бағалы қағаздары;
"Standard & Poor"s" агенттігінің "ВВВ-"-дан төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар эмитенттердің акциялары және осы акциялар базалық активтері болып табылатын депозитарлық қолхаттары;
9) тізбесі осы Нұсқаулықтың 37-тармағында белгіленген халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары;
10) Лондондық қымбат металдар рыногының қауымдастығы (London billion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін және осы қауымдастықтың құжаттарында "Лондондық сапалы жеткізілім" ("London good delivery") стандарты ретінде белгіленген тазартылған қымбат металдары мен металды депозиттері, оның ішінде "Standard & Poor"s" агенттігінің "А"-дантөмен емес халықаралық рейтингтік бағасына немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингіне ие Қазақстан Республикасының резидент емес банктеріндегі тазартылған қымбат металдары мен металды депозиттері.
Осы Нұсқаулықтың 36-тармағының 1)-10) тармақшаларында көрсетілген қаржы құралдары осы Нұсқаулықтың 4, 6-қосымшаларында көрсетілген көлемде өтімділігі жоғары активтер есебіне енгізіледі.
Ескерту. 36-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2008.12.29 N 250; 2009.04.29 N 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
37. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз активтерін мынадай халықаралық қаржы ұйымдарының айналысқа шығарған, "Standard & Poors" агенттігінің "ВВВ-"-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бағалы қағаздарына орналастыра алады:
1) Халықаралық қайта құру және даму банкі;
2) Еуропалық қайта құру және даму банкі;
3) Америкааралық даму банкі;
4) Халықаралық есеп айырысу банкі;
5) Азиялық даму банкі;
6) Африкалық даму банкі;
7) Халықаралық қаржылық корпорация;
8) Ислам даму банкі;
9) Еуропалық инвестициялық банк;
10) Еуразиялық даму банкі.
Ескерту. 37-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2008.12.29 N 250 Қаулысымен.
38. Осы Нұсқаулықтың 32 және 36-тармақтарына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтер сомасын есептеу үшін мыналар ескерілмейді:
1) сақтандыру ұйымының меншік құқығы шектеулі активтері (кепілге беру, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттемелерін және басқаларын орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану);
2) заңды тұлғалардың акциялары және Заңға сәйкес ірі қатысушылар немесе еншілес ұйымдар (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты үлесі бар ұйымдар) болып табылатын екінші деңгейдегі банктердегі салымдары;
3) осы ұйымға қатысы бойынша аффилиирленген тұлға болып табылатын заңды тұлғалардың шығарған бағалы қағаздары.
39. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтер сомасын есептеу үшін осы Нұсқаулықтың 32 және 36-тармақтарына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің қатысуымен жасалған "кері РЕПО" мәмілелері осы Нұсқаулықтың 41-тармағына сәйкес есепке алынады.

7-тарау. Активтерді әртараптандыру нормативтері

40. (алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2009.04.29 N 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен).
41. 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерді әртараптандырудың мынадай нормативтерін сақтайды:
1) бағалы қағаздарға жиынтық орналастыру (кері РЕПО операцияларын қоса алғанда), екінші деңгейдегі бір банктегі және осы банктің аффилиирленген тұлғаларындағы салымдар мен ақша - қайта сақтандыру активтерін шегергендегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің он пайызынан аспайды;
2) бағалы қағаздарға жиынтық орналастыру (кері РЕПО операцияларын қоса алғанда), екінші деңгейдегі банкке жатпайтын бір заңды тұлғадағы және осы заңды тұлғаның аффилиирленген тұлғаларындағы ақша - қайта сақтандыру активтерін шегергендегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің он пайызынан аспайды;
2-1) мемлекеттік мәртебесі бар, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған бағалы қағаздарға жиынтық орналастыру (кері РЕПО операцияларын қоса алғанда) - қайта сақтандыру активтерін шегергендегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің он пайызынан аспайды;
2-2) тізбесі осы Нұсқаулықтың 37-тармағында белгіленген халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына жиынтық орналастыру (кері РЕПО операцияларын қоса алғанда) - қайта сақтандыру активтерін шегергендегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің он пайызынан аспайды;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің қатысуымен отыз күннен аспайтын мерзімге жасалынуы мүмкін және тек автоматты тәсілмен ғана жасалынатын "кері РЕПО" мәмілелері - қайта сақтандыру активтерін шегергендегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің отыз пайызынан аспайды;
4) тазартылған қымбат металдар және металды депозиттер - 12 айдан аспайтын мерзімге қайта сақтандыру активтерін шегергендегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің он пайызынан аспайды;
5) "өмірді сақтандыру" саласындағы қызметті жүзеге асыратын
сақтандыру ұйымының сақтанушыларына беретін заемдарының жиынтық
мөлшері қайта сақтандыру активтерін шегергендегі сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымдары активтерінің он пайызынан аспауы тиіс;
6) өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының уәкілетті орган берген лицензия негізінде сақтанушыларға сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге арналған заемдарының жиынтық мөлшері қайта сақтандыру активтерін шегергендегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің он пайызынан аспауы тиіс;
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының борыштық бағалы қағаздарға салған инвестициялары Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің бір эмиссиясындағы облигацияларының жалпы көлемінің жиырма бес пайызынан аспауы тиіс;
7) бір инвестициялық қордың пайларына инвестициялардың жиынтық мөлшері – қайта сақтандыру активтерін шегергенде, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтерінің он пайызынан астам емес;
8) Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған борыштық бағалы қағаздарын жиынтық орналастыру - қайта сақтандыру активтерін шегергендегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің он пайызынан аспайды.
Ескерту. 41-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2008.12.29 N 250; 2009.04.29 N 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.
41-1. Осы Нұсқаулықтың 41-тармағында көрсетілген әртараптандыру нормативтері Қазақстан Республикасы Ўлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының бағалы қағаздарына тарамайды.
Ескерту. 41-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2008.12.29 N 250 Қаулысымен.

8-тарау. Хеджирлеу құралдарын пайдалану шегі

42. Хеджирлеу объектісі болып осы Нұсқаулықпен белгіленген
мөлшердегі активтер есебінен сатып алуға рұқсат берілген қаржы құралдары түсіндіріледі.
Хеджирлеу деп қаржы құралдары арқылы мәміле жасау жолымен сақтандыру ұйымында кіріс немесе шығынның пайда болу жай-күйінен бағаның, айырбас бағамдарының, сыйақы мөлшерлемесінің немесе өзге де мүмкін көрсеткіштердің өзгеруі кезіндегі тәуекелдерден мүліктік мүдделерді қорғау түсіндіріледі.
43. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мынадай хеджирлеу
құралдарын пайдалана алады: фьючерс, опцион, своп. Хеджирлеу
құралдарын пайдалану шегі осы Нұсқаулықтың 36-тармағының 2)-10)
тармақшаларында белгіленген хеджирлеу объектісіндегі (базалық актив)
инвестиция мөлшері осы Нұсқаулықтың 44-тармағында белгіленген
талаптарды ескеріп, төмендегі кестеде белгіленген мәннен аспауы тиіс:

N

Хеджирлеу құралының атауы

Пайдалану шегі

1

Фьючерс

50%-дан артық емес

2

Опцион

50%-дан артық емес

3

Своп

50%-дан артық емес

Хеджирлеу құралы ретінде хеджирлеу операцияларын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын қаржы құралдары түсіндіріледі.
44. Хеджирлеудің бірнеше құралы пайдаланылған кезде оларды пайдаланудың жиынтық шегі хеджирлеудің әрбір құралына қатысты белгіленген хеджирлеу объектісіндегі инвестицияның мөлшерінің мәнінен аспауы тиіс.
Хеджирлеу операцияларын есептеу және көрсету, сондай-ақ сақтандыру ұйымының оның қаржылық есеп беруі бойынша кірісі және шығыны қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

9-тарау. Пруденциалдық нормативтердің орындалуы туралы
есептердің есебі және оларды беру

Ескерту. 9-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2009.04.29 N 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

45. Сақтандыру ұйымы уәкілетті органға пруденциалдық нормативтердің есебін мына кезеңділікпен береді:
2010 жылғы 31 желтоқсанға дейін:
есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешіктірмей, ай сайын - осы Нұсқаулықтың 1, 2, 3 және 4-қосымшаларда көрсетілген нысандар бойынша пруденциалдық нормативтердің есебін, сондай-ақ осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша пруденциалдық нормативтердің есебі үшін қосымша мәліметтерді (бұдан әрі - қосымша мәліметтер);
айдың есепті он күндігінен кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешіктірмей, он күндік сайын - осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша жоғары өтімді активтер жеткіліктілігінің есебін;
2010 жылғы 31 желтоқсаннан бастап: айдың есепті он күндігінен кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешіктірмей, он күндік сайын - 1, 2, 3, 4 және 6-қосымшаларында көрсетілген нысандар бойынша пруденциалдық нормативтердің есебін, сондай-ақ қосымша мәліметтерді.
Пруденциалдық нормативтердің есебі қағаз тасымалдағышта беріледі. Қосымша мәліметтер қағаз және әлектронды тасымалдағышта беріледі. Электронды тасымалдағыштағы қосымша мәліметтер беріліп отырған деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғаныс құралдары арқылы ақпаратты жеткізуге кепілдік беретін көлік жүйесін пайдалану арқылы беріледі.
Электронды және қағаз тасымалдағышпен берілген деректердің дәлме-дәлдігін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға қамтамасыз етеді.
Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2009.04.29 N 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
46. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап пруденциалдық нормативтердің есебін осы Нұсқаулықтың 1, 2, 3, 4 және 6-қосымшаларында көрсетілген нысандар бойынша алдыңғы жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша әр бір жұмыс күні жүргізеді. Пруденциалдық нормативтердің қағаз жеткізушідегі есебіне бірінші басшы немесе оның орнындағы тұлға, бас бухгалтер қол қояды, мөрмен расталады және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақталады.
Уәкілетті органның талап етуі бойынша сақтандыру ұйымы сұрату алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей, пруденциалдық нормативтердің есебін ұсынады.
Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2009.04.29 N 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
47. Есепті және қосымша мәліметтерді жасау кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Есептегі және қосымша мәліметтердегі бес жүзден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан артық сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
Жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі, нақты төлем қабілеттілігі маржасының нормативтері және сақтандыру резервтерін жабатын активтерді әртараптандыру нормативтері жүзге дейін дөңгелектенеді. Егер жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі нормативтерінің және нақты төлем қабілеттілігі маржасының дөңгелектенген мәні 1,00-ден кем болса немесе әртараптандырылған нормативтердің дөңгелектенген мәні осы Нұсқаулықтың 40, 41-тармағында белгіленгеннен артық болса, онда аталған нормативтер бұзылған болып есептеледі.
47-1. Сақтандыру ұйымы күн сайын әр бір бағалы қағаз, эмитент, қайта сақтандыру ұйымы бойынша рейтингтік бағаларына, сондай-ақ "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – қор биржасы) бағалы қағаздар санаттарына мониторингті жүзеге асырады. Есепті жүргізгенде және есептерді бергенде есептік кезеңнің соңындағы жағдай бойынша қор биржасының рейтингтік бағасы мен бағалы қағаздардың санаты қолданылады.
Ескерту. 47-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2009.04.29 N 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
48. Уәкілетті орган түзетулері бар және өшіріліп тазартылған есептер мен қосымша мәліметтерді қабылдамайды және қайтарып береді.
49. Сақтандыру ұйымы есепке өзгерістер және/немесе толықтырулар және/немесе қосымша мәліметтерді енгізу қажет болған жағдайда есеп пен қосымша мәліметтер берілгеннен кейінгі үш күн ішінде уәкілетті органға есепке өзгерістер және/немесе толықтырулар және/немесе қосымша мәліметтер енгізілгендігі туралы өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің қажеттілігінің себептерін түсіндіре отырып, жазбаша өтініш береді.

10-тарау. Қорытынды ережелер

50. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша шешіледі.

Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының пруденциалдық нормативтер
есебінің нормативтік мәні мен
әдістемесі, пруденциалдық
нормативтердің орындалғандығы
жөніндегі есепті беру нысандары
мен мерзімі туралы Нұсқаулықтың
1-қосымшасы

______________________________________________________ (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)

20___ жылғы "___" ___________ жағдай бойынша
Қазақстан Республикасының резидент емес - қайта
сақтандырушысының қаржылық сенімділік рейтингін ескере отырып
сараланған Қазақстан Республикасының резиденті емес - қайта
сақтандыру ұйымына қайта сақтандыруға берілетін сақтандыру
сыйлықақыларының сомасы

Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының
2009.04.29 N 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
Қаулысымен.
(мың теңгемен)

Қайта сақтандыру ұйымының атауы

Қазақстан Республикасының резиденті емес - қайта сақтандырушысының Standard and Poor"s агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша немесе басқа рейтингтік агенттіктің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі қаржылық сенімділік рейтингі

Қолданыстағы қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандыруға берілген (беріліп отырған) сақтандыру сыйлықақыларының сомасы, барлығы (мың теңге)

Төлем қабілеттілігі маржасының немесе кепілдік беру қорының барынша төмен мөлшерінің өсу пайызы (қайта сақтандыруға берілген (беріліп отырған) сақтандыру сыйлықақылары сомасы бойынша)

Төлем қабілеттілігі маржасының немесе кепілдік беру қорының барынша төмен мөлшерінің өсу сомасы (мың теңге) (3*баған 4 баған)

1

2

3

4

5

1-топ

"АА"- немесе жоғары

0%

2-топ

"А+"-тен "А-" бойынша

10%

3-топ

"ВВВ+"-тен "ВВВ-" бойынша

20%

4-топ

"ВВ+"-тен "ВВ-" бойынша

50%

5-топ

"В+"-тен "В-" бойынша

100%

6-топ

"В-"-тен төмен не рейтингі жоқ

200%

Жиынтығы:

ххх

ххх

Берілген (беріліп отырған) сақтандыру сыйлықақылары сомасына төлем қабілеттілігі маржасының немесе кепілдік беру қорының барынша төмен мөлшерінің өсу сомасын есептегенде, осы Нұсқаулықтың 35-тармағында көрсетілген рейтингтік агенттіктердің халықаралық шәкілі бойынша бар болған рейтингтік бағаның барынша төмен рейтингі қолданылады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының пруденциалдық нормативтер
есебінің нормативтік мәні мен
әдістемесі, пруденциалдық
нормативтердің орындалғандығы
жөніндегі есепті беру нысандары
мен мерзімі туралы Нұсқаулықтың
2-қосымшасы

_________________________________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)
20___ жылғы "___" ___________ жағдай бойынша жалпы
сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдарына арналған және қайта
сақтандыру ұйымдарына арналған төлем қабілеттілігі
маржасының есебі

1. "Сыйлықақы әдісін" пайдаланған кездегі төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерінің есебі

(мың теңгемен)

Жолдардың коды

Сомасы

Осының алдындағы қаржы жылында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары, барлығы

1110

Осының алдындағы қаржы жылындағы комиссиялық сыйлықақылар сомасы

1120

Осының алдындағы қаржы жылындағы негізгі қызмет бойынша ұсталған корпоративті табыс салығының сомасы

1130

Осының алдындағы қаржы жылындағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған, түзетілген сақтандыру сыйлықақылары ("1110" - "1120" - "1130")

1100

Осының алдындағы қаржы жылында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары, барлығы

1210

Осының алдындағы қаржы жылындағы түзетілген жиынтықты еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары ("1210" - "1120" - "1130")

1200

Сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған жиынтықты сақтандыру сыйлықақылары немесе одан әрі есеп айырысу үшін жиынтықты еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары (егер "1100" > "1200", онда "1100"; егер "1100" < "1200", онда "1200")

1010

А aралық жиынтығы:
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін (егер "1010" > 1 500 000 000, онда [1 500 000 000 х 0,18 + ("1010" - 1 500 000 000) х 0,16]; егер "1010" < 1 500 000 000, онда "1010" х 0,18)
Уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін (егер "1010" > 1 500 000, онда [1 500 000 х 0,18 + ("1010" - 1 500 000) х 0,16]; егер "1010" < 1 500 000, онда "1010" х 0,18)

1020

Осының алдындағы үш қаржы жылы үшін
есептелген сақтандыру төлемдеріндегі қайта
сақтандырушының үлесін шегергендегі жиынтық
сақтандыру төлемдері ("1311" + "1312" +
"1313")

1310

Осының алдындағы қаржы жылының аяғында есептелген сақтандыру төлемдеріндегі қайта сақтандырушының үлесін шегергендегі жиынтық сақтандыру төлемдері

1311

Осының алдындағы қаржы жылының алдындағы 1 жыл үшін қаржы жылының аяғында есептелген сақтандыру төлемдеріндегі қайта сақтандырушының үлесін шегергендегі жиынтық сақтандыру төлемдері

1312

Осының алдындағы қаржы жылының алдындағы 2 жыл үшін қаржы жылының аяғында есептелген сақтандыру төлемдеріндегі қайта сақтандырушының үлесін шегергендегі жиынтық сақтандыру төлемдері

1313

Осының алдындағы үш қаржы жылы үшін есептелген жиынтық сақтандыру төлемдері ("1321" + "1322" + "1323")

1320

Осының алдындағы қаржы жылы үшін есептелген жиынтық сақтандыру төлемдері

1321

Осының алдындағы қаржы жылының алдындағы 1 жыл үшін қаржы жылының соңында есептелген жиынтық сақтандыру төлемдері

1322

Осының алдындағы қаржы жылының алдындағы 2 жыл үшін қаржы жылының соңында есептелген жиынтық сақтандыру төлемдері

1323

Түзету коэффициенті (егер "1310" / "1320" > 0.5, онда "1310" / "1320"; егер "1310" / "1320" < 0,5 онда 0,5)

1300

Төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері ("сыйлықақы әдісімен") ("1020" х "1300")

1000

2. "Төлем жасау әдісін" пайдаланған кездегі төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерінің есебі

(мың теңгемен)

Жолдардың коды

Сомасы

Жиынтық сақтандыру төлемдері

Осының алдындағы үш қаржы жылы үшін есептелген жиынтық сақтандыру төлемдері ("2111" + "2112" + "2113"):

2110

Осының алдындағы қаржы жылының соңына есептелген

2111

осының алдындағы қаржы жылының алдындағы 1 жыл үшін жылдың соңында есептелген

2112

осының алдындағы қаржы жылының алдындағы 2 жыл үшін жылдың соңында есептелген

2113

Заңның 6-бабының 3-тармағының 13),
14) тармақшаларында көрсетілген
сақтандыру тәуекелдерін жүзеге
асыратын сақтандыру ұйымдарының
осының алдындағы жеті қаржы жылы
үшін есептелген жиынтық сақтандыру
төлемдері ("2121" + ... + "2127"):

2120

осының алдындағы қаржы жылының
соңына есептелген

2121

осының алдындағы қаржы жылының алдындағы 1 жыл үшін жылдың соңында есептелген

2122

осының алдындағы қаржы жылының алдындағы 2 жыл үшін жылдың соңында есептелген

2123

осының алдындағы қаржы жылының алдындағы 3 жыл үшін жылдың соңында есептелген

2124

осының алдындағы қаржы жылының алдындағы 4 жыл үшін жылдың соңында есептелген

2125

осының алдындағы қаржы жылының алдындағы 5 жыл үшін жылдың соңында есептелген

2126

осының алдындағы қаржы жылының алдындағы 6 жыл үшін жылдың соңында есептелген

2127

Осының алдындағы қаржы жылының соңындағы жарияланған, бірақ реттелмеген шығындардың резерв сомасы

2210

Осының алдындағы қаржы жылының алдындағы 2 жыл үшін қаржы жылының соңындағы жарияланған, бірақ реттелмеген шығындардың резерв сомасы

2310

Осының алдындағы қаржы жылының алдындағы 6 жыл үшін қаржы жылының соңындағы жарияланған, бірақ реттелмеген шығындардың резерв сомасы (Заңның 6-бабының 3-тармағының 13), 14) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру тәуекелдерін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары үшін)

2320

Одан әрі есеп айырысуға арналған жиынтық сақтандыру төлемдері (1/3 х ("2110" + "2210" - "2310"))

2030

Заңның 6-бабының 3-тармағының 13), 14) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру тәуекелдерін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары үшін одан әрі есеп айырысудың жиынтық сақтандыру төлемдері (1/7 х ("2120" + "2210" - "2320"))

2031

Төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері ("төлем жасау әдісі"):
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін (егер "2030" > 1 000 000 000, онда [(1 000 000 000 х 0,26 + ("2030" - 1 000 000 000) х 0,23) х "1300"]; егер "2030" < 1 000 000 000, онда "2030" х 0,26 х "1300")
Уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін (егер "2030" > 1 000 000, онда [(1 000 000 х 0,26 + ("2030" - 1 000 000) х 0,23) х "1300"]; егер "2030" < 1 000 000, онда "2030" х 0,26 х "1300")

2000

3. Төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері

(мың теңгемен)

Жолдардың
коды

Сомасы

Төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері ("1000" немесе "2000", барынша жоғары шегі)

3000

Қайта сақтандырушының үлесін шегере отырып, "ипотекалық сақтандыру" сыныбының осы Нұсқаулықтың 7-тармағының екінші абзацында көрсетілген тұлғалармен жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша есепті кезең соңындағы сақтандыру сомасы

3010

Қайта сақтандырушының үлесін шегере отырып, "ипотекалық сақтандыру" сыныбының сақтандыру (қайта сақтандыру) өзге шарты бойынша есепті кезең соңындағы сақтандыру сомасы

3020

Есепті кезең ішіндегі төлем қабілеттілігі маржасының түзетілген барынша төмен мөлшері ("3010" х 0,1 + "3020" х 0,05 + "3000")

3100

Осының алдындағы қаржы жылы кезеңіндегі төлем қабілеттілігі маржасының түзетілген барынша төмен мөлшері

4100

Осының алдындағы қаржы жылының соңындағы жарияланған, бірақ реттелмеген шығындар резерві

4010

Осының алдындағы қаржы жылының басындағы жарияланған, бірақ реттелмеген шығындар резерві

4020

Осының алдындағы қаржы жылының резерв коэффициентіне түзетілген төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері (егер "4010" / "4020" > 1, онда "4100", егер "4010" / "4020" < 1, онда "4100" х ("4010" / "4020"))

4000

Төлем қабілеттілігі маржасының есептелген барынша төмен мөлшері (егер "4000" < "3100", онда "3100", егер "4000" > "3100", онда "4000")

5000

Кепілдік беру қорының барынша төмен мөлшері

6000

Төлем қабілеттілігі маржасының есептелген барынша төмен мөлшері (5000 + осы Нұсқаулықтың қосымшасына сәйкес есептелген, қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақылары сомасының бөлігі)

7000

Кепілдік беру қорының барынша төмен мөлшері ("6000" + осы Нұсқаулықтың қосымшасына сәйкес есептелген, қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақылары сомасының бөлігі)

8000

Есепті кезеңдегі төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері ("7000" немесе "8000", мейлінше жоғары шегі)

9000

4. Жалпы сақтандыру бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін нақты төлем қабілеттілігі маржасының есебі

(мың теңгемен)

Жолдардың коды

Сомасы

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін төленген жарғы капиталы уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымына арналған құрылтайшылардың жарналары, ерікті, ақшалай және өзге де жарналар

111

Артықшылықты акциялар**

112

Осының алдындағы кезеңдердің бөлінбеген кірісі

113

Резервтік капитал және ескерту іс-шаралары резерві

114

Төленуі тиіс** дивидендтер

115

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының негізгі қызмет мақсаты үшін cатып алынған бағдарламалық қамтамасыз етуді (жинақталған амортизацияны ескергендегі өзіндік құнның және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерінің он процентінен аспайтын көлемінде) қоспағандағы материалдық емес активтер

116

Осының алдындағы жылдардың жабылмаған шығыны

117

Есепті кезеңнің жабылмаған шығыны

118

Басқа заңды тұлғалардың жарғы капиталындағы инвестициялар**

119

Заңның 32-бабына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымы болып табылатын тұлғаларға не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен айрықша қатысы бар** тұлғалармен берілген реттелген заемдар

120

А аралық жиынтығы ("111" - "112" + "113" + "114" - "115" - "116" - "117" - "118" - "119" - "120")

100

Белгіленген өтеу мерзімі бар реттелген борыш*

201


Страницы 1 2 3
Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina