Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 626 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Јділет министрлігінде 2009 жылғы 5 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5470 болып енгізілді.
Салық тіркелімінің нысандарын жасау ережесін бекіту туралы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 77-бабына сәйкес БЎЙЫРАМЫН: 1. Қоса берілген салық тіркелімінің нысандарын жасау ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Јділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 3. Осы бұйрық 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады. Министр Б. Жәмішев
|